Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Ақжайықтан Меккеге аттанды
13 тамыз, 2018 жыл 155 Басып шығару нұсқасы

Ақжайық өңіріндегі облыстық орталық мешітте қажыларды қасиетті қала – Меккеге шығарып салу рәсімі өтті.

Орал орталық мешітінің наиб имамы Самат Қанатқалиұлы сапарға аттанушыларға қажылықтың асыл дініміздегі мән-маңызын баяндап, көкейкесті сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, қасиетті сапарларына сәттілік тілеп,  қажылықты өтеу  кезінде қазақ жерінің болашағы үшін  дұға жасауларын сұрады.

Мұсылман қауымы үшін Исламның бес парызының бірі — қажылыққа бару болса, осы жылы қасиетті орынға құлшылық етуге елімізде Батыс Қазақстан облысынан  жиырма азамат аттанады. Солардың ішінде «Қызыл» мешіттің наиб имамы Серік Мұстафин, Шыңғырлау аудандық мешітінің бас имамы Ерденбек Ихсанов бар.

Облыстық орталық мешітінің наиб имамы Самат Алибаев барлық болашақ қажыларға тілегін айтып, батасын берді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары