Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
БАС ИМАМ ШӘКІРТТЕРГЕ СЕРТИФИКАТ ТАБЫСТАДЫ
13 тамыз, 2018 жыл 234 Басып шығару нұсқасы

Қасиетті жұма күні ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан Мансұров жазғы сауат ашу курсында кезекті дәріс алған қыз балалардан құралған шәкірттерге салтанатты жағдайда сертификат табыстады. 

«Иманды ұрпақ – ұлт болашағы. Ислам – құлшылықтың діні, әрі ислам өз алдына үлкен ғылым. Өткен дәуірлерде ислам өркениетінің әлемге жайылғанын тарихтан біле аламыз. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадис шарифінде: «Білім алу – әрбір мұсылман ер мен әйелге парыз», – десе, тағы бір хадисінде: «Тал бесіктен жер бесікке дейін білім үйрен», – деп насихат қылған. Қасиетті Құранның алғашқы түскен аяты білім алуға шақырды. «Иқра!» (Оқы!) деп басталған сөз «оқу мен жазуды игер» деген мағынаны береді. Қасиетті Құран мен сүннет тағылымдарына сүйеніп өмір сүрген мұсылмандар білім мен ғылымды негізге алып, ғаламға шуақ нұрын төкті. Нәтижесінде,  ислам дінінің қанаты жеткен өлкелерде ғылым, білім, мәдениет дамып, ғылымның әр саласынан есімі өшпейтіндей танымал ғалым-ғұламалар жетілді», - деп атап өтті Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, "Иманғали" орталық мешітінің бас имамы Батыржан  Мансұров.

Айта кетелік, бұл игі шара "Насихат және қоғаммен байланыс" бөлімі, "Әйелдер-қыздар" секторының Атырау өңіріндегі өкілдігі тарапынан ұйымдастырылды. Атырау облыстық «Иманғали» орталық мешіті жанынан ашылған сауат ашу курсында 5-10 жас және 10-15 жас аралығындағы қыз балалардан елуге жуық шәкірт білім алса, солардың ішінен тұрақты әрі сынақтан үздік өткен шәкірттерге Бас имам қолымен "Мақтау қағазы" және сыйлық пакеттері табысталды. Шәкірттер жазғы маусымдық курс барысында білікті ұстаздардың тәлім-тәрбиесімен қатар «Ақида», «Құран», «Фиқһ», «Ахлақ» дәрістері бойынша білімдерін жетілдіріп келді.. 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары