Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Шымкент: Жазғы лагер жұмысы аяқталды
01 тамыз, 2018 жыл 247 Басып шығару нұсқасы

Шырайлы Шымкент қаласында орналасқан «Шымкент» медресе-колледжінде жасөспірімдерге екі маусым бойы имандылық лагері ұйымдастырылды.

Шәкірттерге ҚМДБ тарапынан бекітілген оқу бағдарламасы аясында Құран, Сияр, Ахлақ секілді пəндерден дəрістер жүргізіліп, қосымша түрлі үйірмелер ұйымдастырылды. Қатысушылар жайлы жатын орын, төрт мезгіл тамақ, ас-сумен қамтамасыз етілді.

Мұнымен қатар, демалыс күндері шәкірттерді ынталандыру үшін қала көлемінде орналасқан киелі орындар мен саябақтарға зиярат етілді.  «Шымкент» медресе-колледжінде ұйымдастырылған лагерге 160 ер-бала,  130 қыз-бала қатысты.

Сондай-ақ, лагер соңында өз білімдері мен тəртібінің ерекшеліктері  үшін бірқатар шәкірттер «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембай мырзаның алғыс хатымен марапатталды.

Жалпы, Шымкент қаласы бойынша 8 орында жазғы лагерлер ұйымдастырылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары