Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
«Мәшһүр Жүсіп» мешіті-Павлодар қаласының басты символы (Мәшһүр Жүсіп Көпейұлына 160 жыл)
31 шілде, 2018 жыл 475 Басып шығару нұсқасы

Баянауыл ауданы Жаңажол ауылдық округіне қарасты Ескелді шатқалында әйгілі ғұлама, философ, ұлы ойшыл, ақын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 160 жылдығына арналған ұлан-асыр той өтті.

Мерекеге жалпы 5000 мыңнан астам адам жиналды. Бұл күні ғұламаның рухына зиярат  ете келгендер көп болды. Кесене маңына отыздан астам ақ шаңқан киіз үй бой көтеріпті. Әрбір ауданның атынан құрылған ақбоз үйлердің барлығында тойға келген қауымға арналып дастарқан жайылса, жергілікті өнерпаздар далада құрылған үлкен сахнада әсем ән, күмбірлі күйден шашу шашты.

Алты алаштың басын қосқан жиында ғұламаның 20 томдық шығармалар жинағының сандық нұсқасының тұсаукесері болды. Сонымен қатар, таңдайларынан тәтті сөз төгілген ақындар айтысы мен дүбірге дүбір қосқан ат бәйгесі де осы жерде өтті.

Шараға құрметті қонақ ретінде қатысқан ҚМДБ-ның  Павлодар облысы бойынша өкіл имамы Бертымұратов Жолдас  ата-бабалар рухына Құран бағыштап, көрнекті ғалымдармен бірге Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармашылық мұрасын кейінгі ұрпаққа насихаттауға бағытталған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.

Әйгілі ғұламаны еске алып өтіп жатқан бұл дүбірлі тойдан алған әсері туралы өкіл имам Жолдас Қоспақұлы тілшілерге берген сұхбатында:

«Бүгінгі жиын барысында Мәшһүр Жүсіптің шығармаларын, ұлағатты, ойлы сөздерін халыққа насихат етіп, кейінгі ұрпаққа жеткізіп жатыр. Қазақтай ел барда ғұламаның рухани мұралары ешқашан ұмытылмайды. Бұған дейін ақынның 20 томдық шығармалар жинағы және тұлғалық энциклопедиясы жарық көрді. Облысымыздың әсем де зәулім орталық мешіті атамыздың атымен аталады. Бұл мешіт бүгінде Павлодар қаласының басты символы болып саналады.  Жуырда ғана  Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 125 жылдығын атап өтті, бүгін Мәшһүр Жүсіп атамызды еске алып жатырмыз. Осындай мерекелерге адамдар отбасыларымен, балаларын алып келетіндері – қуантарлық жағдай. Себебі жас ұрпақ аталар даналығы және мәдениетімізбен жақын танысып, қазақ халқының салт-дәстүрлерінен мол хабар алады. Осының нәтижесінде олардың бойында патриоттық сезімдер мен туған жеріне деген махаббат пайда болады»,-деді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары