Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Павлодар өкілдігі «Үздік имам» бәйгесін жариялады
30 шілде, 2018 жыл 266 Басып шығару нұсқасы

30-тамыз күні ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкілдігіне қарасты қала, аудан имамдарының кезекті алқалы жиыны болып өтті. Жиынды өкіл имам Жолдас қажы Қоспақұлы басқарды.  Жиынға қатысқан  облыстық діни істер басқармасының басшысы Закарьянов  Дәулет Қоқанұлы бірінші кезекте мешіттер хал ахуалы, қажетті құжаттарды рәсімдеу  бағыты,  құқықтық тұрғыда алдағы уақыттарда ескеретін мәселелер туралы ақыл-кеңестер берді.

Жиын тізгін ұстаған өкіл имам Жолдас Қоспақұлы келесі кезекте имамдардың «Нұр Мүбарак» университеті мен ҚМДБ-ға қарасты медреселерге шәкірттер дайындау, ілестіру барысы, Рамазан айы-Ораза айттағы зекет, ҚМДБ сараптамасы бойынша жарық көрген «Жаназа және діни рәсімдер» кітабынының таралуы, насихатталуы, алдағы Құрбан Айт мерекесі мен қажылық парызын өтеуге үміткерлердің дайындығы т.б кезек күтіп тұрған  көптеген мәселелер жөнінде кеңінен таныстырып, арнайы тапсырмалар мен нұсқаулар берді.

 Осы жолғы алқалы жиында айтылған басты назар аударарлық тақырып:

- қала, аудан, ауыл имамдарының жауапкершілігін арттыру, аталмыш деңгейлердегі мешіт жұмыстарының нақты нәтижелерге қол жеткізу мүмкіншіліктерін арттыру және имамдардың  атқарып жатқан қызметтерінің нәтижесін бағалау, өзара бәсекелестікке шақыру, оларды ынталандыру мақсатында 2018 жылдың 01-тамызынан 01 қараша аралығында ұйымдастырылатын «Үздік имам» бәйгесі болды.

Бәйгеде  басқару-бақылау жұмыстары, оқу-ағарту жұмыстары, уағыз-насихат жұмыстары, діни рәсімдер және құрылыс шаруашылық жұмыстары деген 5 көрсеткіш бойынша арнайы талаптар қойылды. Талаптардың орындалуы нақты істері арқылы мешіттердің орналасқан жерлерінде тексеріледі, атқарылып жатқан барлық жұмыстар pvl.mazhab@mail.ru  поштасына келіп түскен мәліметтер арқылы бағаланып отырады. Сонымен қатар имамдардың атқарған барлық іс – шараларын облыстық орталық мешітінде арнайы құрылған комиссия мүшелері тексеріп, қадағалап отырады.

«Бәйге қорытындысы арнайы бекітілген ережеге сай 2018 жылы қараша айының 05-не дейін шығарылып, қала, аудан, ауыл мешіттерінен іс-қызметтері бойынша топ жарған 3 имам «Үздік имам- 2018» атағы, арнайы төсбелгі (медаль) куәлігімен қоса  умра қажылығына жолдама  алады. Сонымег қатар демеушілердің қолдауымен бас жүлде жеңіп алған ұжым мүшелері  және екінші, үшінші орын иеленген мешіттер де сый-сияпаттардан құр қалмайды»,-деп таныстырды өкіл имам Бертымұратов Жолдас.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары