Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Екі айлық сауат ашу курсы өз мәресіне жетті
27 шілде, 2018 жыл 318 Басып шығару нұсқасы

Оқушылар жазғы демалыс уақытына шыққан уақыттан бастап Жамбыл облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешітінде жазғы діни сауат ашу курсы басталған болатын.

Балаларға арналған сауат ашу курсы мешітімізде екі кезеңмен жүргізілді. Алғашқы кезеңде орталық мешітте 70-тен аса бала тәрбиеленіп, діни білім алып, сауат ашқан болатын. Бүгінде, сауат ашу курсының екінші кезеңі межелі мәресіне жетіп, өз жұмысын ойдағыдай аяқтады.

Балаларға мешітіміздің ұстаздары мен «Һибатулла Тарази» медресесінің шәкірттері дәріс берді. Шәкірттер тек білім алып қоймай, көңілді бой сергітер ойындар ойнап, өз араларында жарыстар өткізді, сонымен қатар киелі шаһардың көрнекті жерлерін аралап, түрлі серуендер де ұйымдастырылды.

Бүгін сол білім алған 75 шәкіртке ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Жұмабаев Данияр Әлимұхамедұлы өз қолымен сертификаттар табыс етті. Осы сауат ашу курсында дәріс алған 45 шәкірт қасиетті Құран Кәрімнің соңғы 15 сүресін толық жаттап шықты.

Данияр Әлимұхамедұлы:

«Ұстаздарымыз азды-көпті сендерге діни білім беріп, үйретті. Енді, ары қарай осы білімді ұштап, жалғастыруды ерінбей қолға алыңдар», - деп, балалардың Құран жаттап, мұсылман адамға тән барлық сипаттар мен тәртіптерді осы мешіттен сіңіруді және жиі-жиі мешітке келіп тұруларын құлақ қағыс етті.  

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары