2018 жылдың 18-19 шілде күндері Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласында Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі, исламтанушы Чингужанов Рауан Жұмабайұлы кездесулер өткізді.
Сәтбаев қаласының Дін сұрақтары бойынша ақпарат және кеңес беру орталығы мен «Фурқан» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жалпы 5 кездесу мен 1 семинар-тренинг өткізілді. Рауан Жұмабайұлы кездесулер барысында дәстүрлі емес идеологияға иммунитет қалыптастыру, оларға қарсы күрестің жаңа технологиялары мен әдістеріне тоқталды. Сонымен қатар, Б.Балқыбайұлы мешітінің қабырғасында көрсетілген күндері ақшам намазынан кейін уағыз-насихат өткізді.
Пікірлер