Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Мешіт жамағаты медресе құрылысына 1,3 млн теңге көмек берді
24 шілде, 2018 жыл 277 Басып шығару нұсқасы

«Нұр Ғасыр» мешітінің жамағаты Ақтөбе медресе-колледжінің құрылысына 1 333 000 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетті.

Мешіт ішіне Рамазан айында қойылған арнайы жәшікке осындай сомада қайырымдылық көмек жиналды. Жамағаттың әр жария садақасы медресенің бір кірпіші болып қалануда. Ислами білім ордасының жаңа ғимаратын тұрғызуда жәрдемдесіп жатқан барша жаны жомарт, жанашыр кісілерге Алла разы болғай дейміз! Садақаларын сауаптан жазғай!

Естеріңізге сала кетейік, Ақтөбе медресе-колледжі енді облыс орталығына көшірілмек. Осы мақсатта облыс әкімдігінен 5 га жер бөлінді. 2017 жылы медресенің капсуласын салу рәсімі өтті. Алдағы уақытта құрылыс жұмыстары басталады деп күтілуде.

Медресе құрылысына төменде көрсетілген есеп-шоттар бойынша қаржылай көмек беруге болатынын қосымша хабарлаймыз. Бүгінгі күнге дейін жиналған қайырымдылық сомасы - 11 миллионға жуық теңгені құрап отыр.

• «Ақтөбе медресе қолдау қоры», ағымдағы есепшот: KZ508562203104779348. «Банк ЦентрКредит» АҚ, БИК: KCJBKZKX, БИН: 901041000015

• QIWI есепшоты: +77081737501

• Игі іске үйде отырып-ақ, үлес қоса аласыз: www.islamedu.kz сілтемесіне өтіп, «Қайырымдылық жасау» батырмасына басасыз. Ұяшық ішіне аударылатын қаражат сомасын енгізесіз. Өз банк картаңыздың нөмірін тергеннен кейін тиісті сома тікелей шотқа аударылады.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары