Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Жаңа мешіт ашылды
23 шілде, 2018 жыл 294 Басып шығару нұсқасы

Қасиетті жұма күні Баянауыл ауданы, Ақсаң ауылында жаңа мешітінің салтанатты ашылуы болды. Мешіттің ашылуына облыс өкіл имамы Жолдас Қоспақұлы қатысып  мешіт салудың сауабы туралы жиналған халыққа уағыз айтты. Аудандық Мұса мырза мешітінің бас имамы Саян Қожин марқұмдар рухына Құран бағыштады.

Салтанатты ашылу рәсімінде Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары Әзілхан Əбеуов құттықтау сөз сөйледі.

Жаңа мешітті «Ансар» деп атау туралы ұсынысқа орай Павлодар облысының өкіл  имамы Жолдас Қоспақұлы сөз сөйлеп, мешіт атауына түсінік берді:

«Ансар» сөзі Құран Кәрімде кездесетін сөз. Мәдинада өмір сүріп, Меккеден көшіп келген сахабаларға көмек көрсеткендерді – «Ансарлар» деп атайды. Ансар – шынайы көмек көрсетуші. Сол секілді, бұл мешіт көмек беруші есебінде. Ол адасқан, қиналған жандарға қолдау көрсетеді, жүрегімізді тазартады, Алланың ризашылығын алуға себепкер болады. Сол себепті мешіт атауын «Ансар» деп қойдық», - деді өкіл имам.

Сондай-ақ, өкіл имам ауыл тұрғындарына «Аңсар» мешітінің жаңа имамы Серік Кəрамбаевты таныстырды. Жас имам 2014 жылы Павлодардағы «Əбу Бəкір Сыддық» медіресесін тәмамдаған. Бұған дейін Павлодар қалалық «Әбу Бəкір сыддық» мешітінде наиб имам болып қызмет етті. Жас имамға ауыл тұрғындары құрмет көрсетіп, еңбегіне жеміс тіледі.
Павлодар облысы мен Баянауыл ауданының Құрметті азаматы Қорабай Шəкіров азаматтар ісінің сауаптан болуын тілесе, республикалық «Уақып» қорының президенті Қайрат Айтбай жаңа имамның еңбек ақысын реттеп беруге уәде етті.

Бұдан кейін өкіл имам мешітте алғашқы жұма уағызын айтып,  мешітте өткен алғашқы жұма намазына  қатысты.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары