Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
САУАТ АШҚАНДАРҒА — СЕРТИФИКАТ
16 шілде, 2018 жыл 150 Басып шығару нұсқасы

Науан хазірет атындағы Көкшетау орталық мешітінде ,,Имани жаз — 2018,, жазғы сауат ашу курсының аяқталуына орай салтанатты шара болып өтті.

Облыс имамы Қуаныш Сәбит барша сауатын ашып, жаз бойы имами тағылым алған бүлдіршіндерге ізгі тілегін жолдады.
Жиналған қауым алдында балалар Алланың үйінде терген білім нәрінің қаншалық тағылымды болғанын ашық сабақ барысында жақсы қырларынан көрсетуге тырысты. Онда Құран әліппесі және басқа да имани дәрістер бойынша білімдері ортаға салынды.
Ал, осы күнгі шаралар аясында тәрбие сағаты да ұйымдастырылды. Әркім өзінің діни жоралғылар мен ұлттық дәстүрлердің астасып жатқанынан мысалдар келтірді.
Жалпы, жазғы сауат ашу курсында 140-қа тарта бала білім алды. Олардың бәріне арнайы сертификаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары