Абай — қазақтың рухани қазынасының бастауы, асыл дініміздің тағылымын өзінің өлеңдеріне арқау еткен тұлға. Жас ұрпақтың санасына Абай тағылымын сіңіру бүгінгі күні аса маңызды болып табылады. Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Еуразия ғұламаларының тұңғыш форумында осы жайлы айтып, Абай оқуларын өткізу жас ұрпақты бабалар жолымен жүруге талпындырады деген еді.
Міне, Абай тағылымына ден қою Науан хазірет мешітінің жазғы сауат ашу курсы бағдарламасына да енгізілген-ді. Жаз бойы балалар мешіт жанындағы дәріс сабақтарында Абай өлеңдерін де көптеп жаттап, білімдерін толықтырды. Жақында жүзден жүйрік озған талапкерлер өз өнерлерін ортаға салды. Мешітке жиналған ата-аналар мен жамағат алдында ұлы ақынның асқақ өлеңдерін жатқа оқыды.
Мешіт үздік шыққан балаларға арнайы сый-сияпаттар жасады.
Пікірлер