Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Ақжайықта сауат ашу курсы  жандануда
12 шілде, 2018 жыл 203 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының тапсырмасымен имамдар алдына қойған төрт бағыттың бірі –халықтың діни білімін арттыру. Аталмыш мақсатта сауат ашу курстарын ұйымдастырып, қолға алу міндеттелген.

Осы бағыт бойынша өкіл имамның бастамасымен мектеп оқушыларының жазғы демалысын тиімді пайдалану үшін облыстық  орталық  мешітінде діни сауат ашу дәрістері жүргізілуде.

Мектеп жасындағы 60-тан аса шәкірттер араб тілі, ата-ананы сыйлау, ахлақ, Құран сабақтарын үйреніп, Ислами тәлім-тәрбиемен сусындауда.

Дәрісті ұлдарға Орал орталық мешітінің ұстазы Ринад Акимов, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің шәкірті  Түймебай Құдайберген, ал қыздарға аталмыш мешіттің ұстазы Гүлжамила Ахметова бастап, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Үшқоңыр ауылдық «Үшқоңыр» медресе-колледжінің шәкірттері Алима  Рахметтолла, Ділназ Бурпиева, Гүлназ Сәмөк, Жалтанат Жанғас, Шымкент медресесінің шәкірті Диана Бердіғалиқызы жүргізуде. Қазіргі уақытта сауат курсы  төрт топ дәріс алуда. Солардың ішінде ақжаулықтар аналарымызда ілім алып жүргені, жүрекке қуаныш сыйлауда.

Ислам дінінің басты мұраты – білім кәусарымен әрбір мұсылман баласын діни әрі зайырлы ілімдермен сусындандыру. Мұсылман жұртының қасиетті кітабы Құран Кәрімнің ең бірінші түскен аятында: «Жаратқан Раббыңның атымен оқы», – делінген. Осының өзі адамзатты білімге жетелейтіндігін дәлелдейді. Ендеше, ілімді  шәкірттерге екі дүниенің білімін нәсіп еткей!

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары