Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Бүгін Нұр-Мүбарак университетінде қабылдау емтихандары басталды
08 шілде, 2018 жыл 203 Басып шығару нұсқасы

Биыл университетке үш мамандық, яғни исламтану, дінтану, Шетел тiлi: екi шет тiлi бойынша 582 талапкер құжат тапсырды.

Бүгін жоғары оқу орындарына қабылдау емтихандары басталып кетті. Әуелі шығармашылық емтихандар жүргізілетіндіктен, Нұр-Мүбарак университетінің комиссия ұжымына проректор, профессор Шамшәдин Керім қабылдау ерекшеліктерін пысықтап өтті. Себебі қазақ және орыс бөлімдері, ерлер және қыздар топтары, 4 жылдық, 3 жылдық (қысқартылған), дайындық курсы, медресе түлектерінің айырмашылықтарына ден қойып, нағыз білімге құштар талапкерді таңдау білікті де тәжірибелі оқытушылардан құрылған комиссияның еншісінде. Ынталы талапкер білімді студенттің көрсеткіші. Қабылдау комиссиясына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан төраға орынбасары, наиб мүфти PhD, қ. профессор Алау Әділбаев арнайы келді.
Нұр-Мүбарак университетіне биыл үш мамандық, яғни «5В021500 — Исламтану», «5В020600 – Дiнтану» , «5В011900–Шетел тiлi: екi шет тiлi» (араб-ағылшын және ағылшын-араб тiлдерi) бойынша 582 талапкер құжат тапсырды. Ал исламтану манадығына 250 мемлекеттік білім гранты бөлінгендіктен, бір орынға шамамен 2 талапкерден артық бәсекелестік бар.
Шығармашылық емтихан ҚР білім және ғылым министрлігінің ережесіне сай шілденің 8-13 аралығында, ал 14-18 шілде аралығында бұрынғы түлектер үшін кешенді тестілеу өтеді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары