Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
ҚМДБ: ТҮРКІСТАНДА МҮФТИЯТТЫҢ ФИЛИАЛЫ АШЫЛАДЫ (ФОТО+ ВИДЕО)
02 шілде, 2018 жыл 122 Басып шығару нұсқасы

Түркістан қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының арнайы филиалы ашылатын болды.

Бүгін Астанада Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен өткен ҚМДБ-ның кезектен тыс Төралқа мәжілісінде осындай шешім қабылданды. Алқалы жиынға ҚР Дін істері комитетінің төрағасы Еркін Оңғарбаев, Бірінші наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, наиб мүфтилер – Алау Әділбай, Бауыржан Есмахан, ҚМДБ аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, облыстың бас имамдары қатысты.

«Түркістан – мұқым түркі жұртының темірқазығы, түркі мұсылмандығының ордасы, алты Алаштың жүрегі!   Түркістан – бабалар қалдырған киелі аманат, асыл діңгегіміз, рухани кіндігіміз! Осынау қасиетті жерде халқымыздың руханияты үшін қызмет ететін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының арнайы өкілдігін ашуды жоспарлап отырмыз. Бұл орталық Түркістан өңірінің одан әрі рухани дамуына қызмет етіп, рухани астана мәртебесінің тереңдей түсуіне сүбелі үлесін қосатын болады», – деді Серікбай қажы Ораз.

Өз кезегінде сөз алған ҚР Дін істері комитетінің төраға орынбасары Балғабек Мырзаев:

«Түркістан ежелден түркі әлемінің рухани орталығы болып келген. Қазақстан Республикасы Президенті – Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Түркістан атауын қайта жаңғыртуы – исі түркі халықтары қалаған идеяны жүзеге асыруының көрінісі деп айта аламыз. Осындай киелі жерде ҚМДБ филиалының ашылуы – еліміздегі рухани саланың дами түсуіне өзіндік оң ықпалын тигізеді деген сенімдемін», – деді.

Төралқа мәжілісінің мүшелері Бас мүфтидің Түркістанда мүфтияттың өкілдігін ашу туралы ұсынысын бірауыздан қолдап, оң пікірлерін білдірді.

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары