Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Алматы орталық мешітіндегі жазғы курс  
29 маусым, 2018 жыл 239 Басып шығару нұсқасы

Балаға тал бесіктен тәрбие беруді құп көретін қазақ халқы жас ұрпақтың ілім алуына аса мән берген. Оған Орталық мешітімізде өткізіліп жатқан дәріске келуші шәкірт саны дәлел бола алады. Қыз балалар саны 30 болса, болашақ ел тізгінін ұстар ер балалардың саны 40-қа жетіп отыр. Мешітіміз тек қазақ тілінде емес, орыс тілінде 16 шәкіртке сабақ беруде. Жалпы 86 шәкірт алғашқы діни сауатын ашып, мұсылмандық әдептермен танысуда. Балаларға бас ұстаз Сапанов Талғат, Үйсінбаев Берік, орыс тобына Қумашев Азамат сабақ берсе, қыз балаларға Оспанова Алтыншаш, Асанова Шамшырақ дәріс жүргізеді. Сонымен қатар, Нұр-Мүбаракт Египет ислам мәдениеті университетінен келген іс-тәжірибеден өтуші Көшкінбаев Азамат, Ақын Ақберді бар. Балаларға дәріс таңғы 10: 00 ден 13: 00-ге дейін болады. Балаларға иманшарт, көркем мінез, араб әліппесі, тәжуид сабақтары өткізіледі. Құран мен қажетті дұғалар үйретіледі. Оларға күнделікті бір мезгіл тәттілер мен сусындар беріліп, ынталандыру сыйлықтары ұсынылады. Аталмыш сабақтар 18-ші маусымнан бастап 18-ші шілдеге дейін жалғасады.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары