Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Жазғы сауат ашу курстары өз жұмысын қорытындылады
26 маусым, 2018 жыл 188 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкілдігіне қарасты барлық қала, кент, аудан, ауыл мешіттерінде 01-25 маусым аралығындағы оқушылардың жазғы демалысы барысында ұйымдастырылған діни сауат ашу курсы  өз жұмыстарын ойдағыдай аяқтады. Осы аптаның басында барлық мешіттер шәкірттері арасына әртүрлі ұлттық ойындардан құралған ойын-сауық, мәдени бағдарламалар ұйымдастырып, түрлі қажетті заттар салынған сый-сияпаттар және белсенді шәкірттерге әртүрлі естелік бұйымдар, алғыс хаттар табысталды. Соңында жазғы сауат ашу  курсының шәкірттерімен бірге берекелі дастархан басында бірге болып, алдағы уақыттарға арналған келелі кеңестер айтылып, ақ бата, алғыс –тілектер айтылып, жазғы курстар өз жұмысын қорытындылады.

«Осы мерзімде облыс көлемінде  265 ұл және  170 қыз балалар, барлығы 435 оқушы жазғы демалысында мешіттердегі  білімді-білікті ұстаздардан  діни білім игеріп, тәрбие алды. Оларға  «Нұр-Мүбәрәк» университеті мен Павлодар қаласындағы  «Әбу Бәкір Сыддық» медресесінен келген білімді шәкірттер және мешіт ұстаздары Құран, шариғат негіздері, намаз оқып-үйрену сабақтарынан дәріс беріп, тәрбиелік сағаттар жүргізді. Шәкірттерге арналған арнайы сабақ жоспары құрылып, күнделікті Құран әліппесі, азан үйрету, «дастархан батасы», қысқа сүрелер жаттатылды.  Сабақ арасында балаларды жалықтырмау мақсатымен мешіт алаңында футбол ойындары ойнатылып, серуендетіп тұрды»,-дейді облыстық орталық  «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің наиб имамы Арман Найма.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары