Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Талдықорған: Дін істері және азаматтық қоғам министрі өңірдің діни ахуалымен танысты
22 маусым, 2018 жыл 199 Басып шығару нұсқасы

Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласына Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрі Кәлетаев Дархан Аманұлы арнай келді. Халық қалаулысының жер сұлуы - Жетісудағы іс сапар барысында облыс әкімі Баталов Амандық Ғаббасұлы сөз алып, өңірдегі өзекті істер мен өркенді шаруалардың жемісті атқарылып жатқанын мəлімдеді. Салтанат сарайында өткен бұл жиында өңір басшысы сонымен қатар министрге облыстың дін ахуалын, хақ жолында жасалынып жатқан шаруалар мен қайырымдылық сынды игі істерді тебіреніспен баян етті.

Өз кезегінде Дархан Аманұлы Алматы облысының аудан, қала имамдарымен кездесіп, жоғары дәрежеде жұмыс атқарып жатқанын айрықша атап өтсе, ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Ардақ Нүсіпханұлы адамзаттың асыл діні үшін жасалынатын жұмыстар мен алға қойылған мақсаттар жайында баян етті. Сондай-ақ өз сөзінде өкіл имам еліміздің тыныштығы мен ынтымақғын нығайту жолында өңір имамдарының аянбай  жұмыс жасап, абзал діннің абыройының асқақ болуы əрі жетісулық жамағаттың шариғи білімін арттыру бағытында арнайы оқу курстары, қарилар даярлау шарасы сынды бірқатар межелі істің мезгіл-мезгілмен басы-қасында жүргенін жеткізді. Кемел діннің келешегі нəсілі асыл елдің діни сауаты мол ұрпағымен жасаса беретіндігіне сенім білдірген толымды ойымен игі жиын шымылдығын жапты. Дін мен дəстүр сөз болып, халықтың құндылықтары құнтталған кездесуден жетісулық имамдар мен жиын қонақтары көңілі көкжиекпен астасқандай қуанышпен тарқасты.

Дархан Аманұлы қасиетті жұма күні орталық «Иман» мешітіне келіп, жұма намазына жиналған жетісулықтарға Рамазан айының аяқталуымен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары