Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
«Шымкент медресе» колледжінің түлектеріне диплом табысталды
22 маусым, 2018 жыл 136 Басып шығару нұсқасы

Бүгін  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Шымкент медресе» колледжінің 2018 жылғы түлектеріне диплом тапсыру салтанатты рәсімі болып өтті.

Салтанатты шараға арнайы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ОҚО бойынша өкіл имам Бейсенбаев Бақтыбай Қыдырбайұлы, «Қазақстан 2030» жастарды қолдау қорының Шымкент қаласындағы өкілі Сонер Кылыч және аталмыш оқу орнының директоры Талғат Әсембай сынды белді азаматтар қатысты.

Салтанатты шара барысында ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имам Бақтыбай Қыдырбайұлы ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазреттің жас түлектерге жолдаған ыстық сәлемін жеткізіп, өз сөзінде дін қызметкерінің жауапкершілігі мен маңыздылығын ескертіп, ел болашағы үшін аянбай еңбек етудің қос дүниелік пайдасына тоқталып өтті.

Айта кетейік, биыл «Шымкент медресе» колледжін 32 студент тәмамдап отыр. Оның 19 ер-бала, ал 13 қыз-бала. Осы түлектердің ішінен жеті шәкірт озық шығып, оқу орнын үздік дипломмен аяқтады. Таяу уақытта түлектеріміз еліміздің әр аймағында дін жолындағы қызметтеріне кіріседі.

Жас мамандарымызға өмірлері мен қызметтерінде сәттілік пен табыс тілейміз. Дипломдарың құтты болғай!

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары