Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Қажылық жетекшілері сынақ тапсырды (ФОТО)
21 маусым, 2018 жыл 122 Басып шығару нұсқасы

2018 жылдың қажылық маусымына дайындық ретінде әрі қажылық миссиясының жұмысын пысықтау мақсатында ҚМДБ қажылық миссиясы қажылық фирмалардың биылғы жылға бекітілген жетекшілерін (гид) сараптамалық сынақтан өткізді. Білімі мен біліктілігі, тәжірибесінен сұралатын сынаққа 18 қажылық компаниясының жетекшілері қатысты.

Сынақты бес адамнан құралған арнайы комиссия: Комиссия төрағасы – ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Бауыржан Есмахан, ҚМДБ төрағасының кеңесшісі Дәулет Әлиханов, ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, исламдық діни бірлестіктермен байланыстар басқармасының бас сарапшысы Бақытжан Дүйсебаев, ҚМДБ қажылық бөлімінің меңгерушісі, қажылық қорының директоры Айдар Салқынбаев және ҚМДБ қажылық бөлімінің маманы Қанат Бекжанов қабылдады. 

Биылғы қажылықтың ойдағыдай өтуіне бірлесе жұмыс жасап, қандай да бір күрделі мәселе шыға қалса қажылық миссия мүшелеріне хабарлау керектігін ескерткен ҚМДБ қажылық миссиясының төрағасы, Наиб мүфти Бауыржан қажы Есмахан: 

"ҚМДБ қажылық миссиясы қажылық құлшылығын жоғары деңгейде өтуін жыл сайын қадағалап келеді. Биылғы жылғы қажылық маусымының да дұрыс ұйымдастырылуына жан-жақты дайындық жасап жатырмыз. Сондай дайындықтардың бірі – қажылық кезінде әрбір 50 қажыға тағайындалатын жетекшілердің білімді, тәжірибелі болуына көз жеткізу. Сол себепті, осындай сынақ ұйымдастырып отырмыз. 
18 қажылық компанияның жетекшілерінен қойылған сұрақтарға мүдірмей жауап бергендері де, күрделі сұрақтарға кідіріп қалғандары да болды. Арасында жетекшілердің ұсыныстары да тыңдалды. Қажылық маусымына дейін біршама уақыттың бар екендігін ескеріп, комиссия мүшелері дайындығы әлсіз болған жетекшілерге әлі де білім-біліктілігін жетілдірілуіне мүмкіндік беруді шешім қабылдады. Сондықтан да, мүмкіндікті барынша тиімді пайдалануға шақырамын", - деді.  

Комиссия мүшелері жетекшілерге қажылық рәсімдерін орындау барысында қажылардың денсаулығын жіті қадағалауды ескертіп, Қажылардың қажылықтың парызын, уәжібін, сүннетін толық орындауларына көңіл бөлуін, ұмытып кетпеуін қадағалауды да тапсырды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары