Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Ембідегі ерекше қайырымдылық шарасы
20 маусым, 2018 жыл 182 Басып шығару нұсқасы

Діни басқарма жариялаған «Ислам және отбасы» жылы аясында Ақтөбе мешіттерінде отбасы құндылықтарын дәріптеу, әлеуетін арттыру бағытындағы іс-шаралар жүйелі жүзеге асырылып жатыр. «Нұр Ғасыр» мешітінен бастау алған, 500 отбасын қамтыған қайырымдылық шаралары енді міне, аудан, ауылдарда да сәтті жалғасуда.

Мұндай ауқымды шара бүгін Ембі қалалық «Нұр» мешітінде алғаш өткізілді. Мешіт 40 отбасыға көмек көрсетті. Шараға халықтың пітірі мен басқа да қайырымдылық көмектен жиналған қаржыдан 100 мың теңге шамасында жұмсалды. Әр қоржынның салмағы - 14 кг. Осылайша, барлығы жарты тоннадан аса азық-түлік үйді-үйді таратылып, үлестірілді. Жамағат көлікпен жәрдемдесіп, игі іске атсалысты.

Бұдан бөлек, мешіт жамағатының ұйымшылдығымен тағы да 1 мұқтаж жанның қажеті өтелді. Мүмкіндігі шектеулі ауыл азаматына арба сатып әперілді. Мешіт имамы Нұрсұлтан Тұрсынқұлов көмекті қолма-қол табыстап, сырқат бауырымыздың Алла Тағала дертіне шипа, деніне саулық бергей деп тілегін жеткізді.

Мұндай шара Хромтау ауданына қарасты Бөгетсай ауылдық «Ақ Нұр» жəне Ақжар ауылдық «Ақжар» мешіттерінде де өткізілді. 30 отбасыға 1300 келі азық-түлік берілді.

Алла үлес қосқан жандардың барлығының садақаларын қабыл еткей!

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары