Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
«Һибатулла Тарази» медресесінің түлектеріне диплом табысталды
19 маусым, 2018 жыл 270 Басып шығару нұсқасы

Білікті дін маманын даярлау – бүгінгі күннің басты талабы. Осы мақсатта Қазақстанның барлық медреселері тынбай еңбек етіп келді.

Бүгін «Һибатулла Тарази» медресесін бітіруші түлектерге диплом табыстау рәсімі өтті. Салтанатты шараға  ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр Жұмабаев және мысырлық ұстаз Сүлейман Саид, медресе ұстаздары Нұралы Бақытұлы мен Наркес Бұханов қатысты.

Құттықтау сөз сөйлеген бас имам Данияр Әлимұхамедұлы  шәкірттерге білімнің маңызы және еліміздегі діни ахуал жайында сөз қозғап, оларды жан-жақты сауатты, ағайынға қамқор, елге тұтқа болатын, білікті болуға шақырды.

Ал, ұстаздар білімнің маңызы мен оның жемісі жайлы тілге тиек етіп, маман болып қызмет жасауға сәттілік тіледі.

2011 жылы ашылған «Һибатулла Тарази» медресесі биыл өзінің төртінші түлектерін ұшырып отыр. Оқу жылы аяқталып, қорытынды сынақтан өткен шәкірттерге диплом берілді.

Медресемізді осы жылы 11 түлек тәмамдады. Оның ішінде 6 шәкірт үздік диплом иегерлері.

Үздік белгімен бітірген шәкірттер еліміздегі «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде білімдерін жалғастырмақ, ал қалған шәкірттер мешіттерде молдалық, ұстаздық қызметті қолға алуды мақсат тұтып отыр.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары