Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі «Әзірет Сұлтан» мешітін зиярат етті (ФОТО)
28 сәуір, 2016 жыл 540 Басып шығару нұсқасы
Елімізге арнайы іссапармен келген Сауд Арабиясы королдігінің Сыртқы істер министрі Әділ әл-Жубейр бүгін «Әзірет Сұлтан» мешітін арнайы зиярат етіп шықты. Құрметті қонақты мешітіміздің Бас имамы Серікбай қажы Сатыбалдыұлы өзі қарсы алып, құлшылық ордасымен таныстырды

Орта Азия бойынша теңдесі жоқ алып мешіттің тыныс-тіршілігімен танысып, құнды жәдігерлерін тамашалаған Әділ әл-Жубейр өз таңданысын білдірді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев сыйға тартқан көне Құран мен күмістен құйылған Құран парақшалары Әділ әл-Жубейрге ерекше әсер қалдырды. Мешіт ғимаратындағы дәрісханалар аралап, «Хикмет» телерадиостудиясы мен Muslim.kz сайтының редакциясына бас сұғып, жұмыс барысымен танысты.

Алыстан келген құрметті қонаққа қазақы дәстүрімізге сай құрмет көрсетіліп, естелікке халқымыздың ұлттық бұйымы торсық сыйға тартылды. Қазақ халқының ерекше дархан, жомарт екенін тілге тиек еткен саудиялық министр өз ризашылығын білдіріп, Серікбай қажы Сатыбалдыұлына өз сыйлықтарын ұсынды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары