Тілдік нұсқа
Радио
СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ
1975 жылы  12-сәуірде дүниеге келген.  Білімі: 1990-1992 жылдары Ташкент қаласында қарилар дайындайтын медресені тамамдаған. 1992-1994 жылдары Мысырдағы Аль-Азһар университетінде оқыған.1995-1996 жылдары Исламабадтағы Әлемдік университетінде білім көтерген. Алматы мемлекеттік Абай атындағы университетінде заң факультетін сырттай бітірген. 2012-2014 жылдары М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық ...
БАС МҮФТИ ДІНИ РАДИКАЛИЗМДІ АЛДЫН АЛУ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
16 наурыз, 2017 жыл 174 Басып шығару нұсқасы

Бүгін Астана қаласында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы «Терроризмге қарсы комитеті» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Аманжол Оразбаев пен аталған бірлестіктің Президиум мүшесі Сейітжан Қойбақовты қабылдады.

Кездесу барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен «Терроризмге қарсы комитеті» республикалық қоғамдық бірлестігі елімізде діни экстремизмнің көріністерін алдын алу, қоғамдық тұрақтылықты қалыптастыру, дәстүрлі ислами құндылықтарды және рухани мирасты дамыту туралы ортақ Меморандумға қол қойды.

Осы Меморандумның негізгі мақсаттары мыналар:

– Діни радикализммен күрес және оның алдын алу шаралары жөнінде тәжірибе алмасу, аталған бағыт бойынша туындаған мәселелер мен сауалдарға қатысты өзара бірлескен кеңес, талдау және зерттеу жұмыстарын жүргізу;

– Ақпараттық-түсіндірме жұмыстарымен қатар, көрсетілген тақырыпқа байланысты семинарлар, тренингтер мен оқыту курстарын ұйымдастыру, мамандар мен өзге ұйымдардың мүдделі тұлғаларын аталған процеске тарту, т.б.

«Бүгін қабылданған Меморандум елімізде діни радикализмді алдын алуға серпін береді деген сенімдеміз. Мақсатымыз – «Терроризмге қарсы комитеті» республикалық қоғамдық бірлестігімен осындай ортақ жұмыстарды жүзеге асыру. Бірігіп әрекет еткен жағдайда жұмысымыз нәтижелі болмақ», – деп атап өтті Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

 

ҚМДБ Баспасөз қызметі

www.muftyat.kz 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    Жоғары