Мұсылман деген кім?

Мұсылман - Адам атаны, Ибраһим пайғамбарды, Мұса және Иса пайғамбарларды (оларға Алланың сәлемі болсын), барша хақ пайғамбарларды, Мұхаммет Мұстафаны (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) пайғамбар деп білетін және олардың баршасына иман келтіретін, оларға келген хақ дінге иланып, Алладан басқа тәңгір жоқтығына иман еткен жандар.

Мұсылмандар - дүниеде ең аз қателесетін адамдар.

Мұсылмандар - дүниеде өз жандарына қол сұғатындар саны ең аз адамдар.

Мұсылмандар - дүниеде ішкілікке салынушылар қатарындағы дәрежесі ең төмен адамдар.

Мұсылмандар - дүниеде бұзғыншылық жасаушылар қатарындағы дәрежесі ең төмен адамдар.

Мұсылмандар - дүниеде СПИД және ВИЧ жұқтыратындар саны ең төмен адамдар.

Мұсылмандар - дүниеде наркамандық дәрежесі ең төмен адамдар

Мұсылмандар - дүниеде отбасы ойран болып, ажырасқандар дәрежесі ең төмен адамдар.

Мұсылмандар - бүткіл дүниеге хақ ілімді таратқан бірақ, жамандық атаулының баршасын жамып, әлемде бүлік шығарушы деген жалған атты жамылған халық.

Алла Тағала Құранда: «Сендер адам баласы үшін игілікті әмір етіп, қарсылықтан тыятын, сондай-ақ Аллаға сенетін қайырлы бір үммет болып шығарылдыңдар. Ал егер кітап иелері иман келтірсе еді, әлбетте олар үшін жақсы болар еді. Олардан иман келтіргендер де бар. Олардың көбірегі бұзақылар» - деген. (Әли Имран сүресі, 110 аят)
 

Қажымұхан Қамбарұлы,

Маңғыстау облсытық «Бекет ата»

мешітнің наиб имамы

© 2009-2019, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін