Ақтөбе: Қажылыққа дайындық дәрістері басталды

Ақтөбе облыстық орталық мешіттерде қажылық қарсаңында арнайы дайындық дәрістері ұйымдастырылып отыр. Бірнеше күндік дәріс барысында имамдар, қажылыққа аттанатын Қазақстан азаматтарына қасиетті сапардың жауапкершілігі мен қажылықтың мән-мағынасын түсіндіріп, рухани білімін арттырады. Бұдан бөлек, Мекке, Мәдинаға сапар шегу барысында кездесетін киелі жерлердің тарихын айтып, жан-жақты мәлімет береді.

Бүгін, 22 шілдеде жергілікті уақытпен сағат 10.00-де ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Нұр-Ғасыр» орталық мешітінде қажылық сапарына аттанатын жерлестеріміз үшін қажылық тақырыбында алғашқы дайындық дәрістері басталды және 3 күн бойы жалғасады. Ақтөбеліктер тобын Сауд Арабиясына қажылыққа бастап баратын мешіттің наиб имамы Нұрбол Смағұлов алғашқы дәрісте қасиетті сапар хақында мол мағлұмат беріп, оны мейлінше сауапты өткеру жолдарына тоқталды. Сонымен бірге дәріске қатысушылардың сауалдарына жан-жақты толымды жауап қайтарылды. Алдағы дәрістерде қажылыққа аттанатын ақтөбеліктерге қасиетті құлшылықтың амалдары мен шариғат талаптарының орындалу шарттары, сапар кезінде ихрам кию үлгісі түсіндірілетін болады.

Қажылық мәселесі бойынша байланыс телефоны: 7 702 912 5691.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін