Қызылорда: Қажылық – қасиетті құлшылық

Күндердің сұлтаны – қасиетті жұмада ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде «Қажылық – қасиетті құлшылық» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.

Өкіл имам Болатбек Ұласқанұлы қажылық жасауға ниет етушілерге құлшылықтың қасиеттілігі мен сауабы жөнінде айтып, хикметін түсіндірді.

Семинарды жүргізген Байқоңыр қаласындағы «Жәрімбет ата» мешітінің Бас имамы Д.Құрманбаев қатысушыларға бес парыздың бірі болған қасиетті құлшылықтың орындалу шарттары, ихрам кию үлгісі, қажылық өтеу барысында жасалуы керек амалдар мен шариғат талаптарын толығымен түсіндіріп, қажетті дұғаларды үйретті.

Сабақ соңында тыңдаушылардың сұрақтарына жауап беріліп, өкілдік тарапынан дайындалған ақпараттық үнпарақтар таратылды.

 

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін