Алматы: Әбу Ханифа медресе колледжі оқуға шақырады

2019-2020 оқу жылына Алматы қаласы, Медеу ауданында орналасқан Әбу Ханифа медресе колледжіне оқуға түсемін дейтін талапкерлердің өтініштерін қабылдау 20 маусым мен 20 тамыз аралығында жүзеге асырылады.

Қазіргі таңда оқуға түскісі келетін талапкерлерге дайындық курсы жүріп жатыр. Келіп оқимын деушілерге есік ашық.

Мемлекеттік лицензиясы: № KZ79LAA00007509

Мамандығы: 0112000 - ИСЛАМТАНУ

Біліктілік: 0112013 - «ИМАМ-ХАТИБ»

Оқу түрі: күндізгі

Оқу мерзімі – 2 жыл 10 ай

Бітірушілерге мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.

Медресе оқу ғимараты кітапхана, компьютер сыныбы, лекциялық аудиториялар, асхана, жатақхана және басқа да материалдық базасымен толық қамтамасыз етілген. Медреседе жоғары тәжірибелі исламтанушы мамандармен бірге медресе қабырғасында бірнеше жылдық іс-тәжірибесі бар оқытушылар дәріс береді. Олардың ішінде шетелден шақырылған арнайы мамандар да бар.

Медресеге шәкірттер емтихан нәтижесі бойынша қабылданады.

ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ЕМТИХАН ШАРТТАРЫ:

Колледж студенттері емтихан нәтижесі бойынша қабылданады.

Талапкерлер төмендегі құжаттарды тапсыруы қажет:

— Колледж директоры атына өтініш.

— Жергілікті имамдардың берген ұсынысы.

— Орта білімі туралы аттестат

— 086 үлгідегі дәрігерлік анықтама

— 063 үлгідегі дәрігерлік анықтама

— Психодиспансерден анықтама

— Наркодиспансерден анықтама

— Көлемі 3х4 сурет (6 дана)

— Жеке куәліктің көшірмесі.

— Әскери билеті немесе әскерге шақыру туралы куәлігі.

— Тұрғылықты жерден анықтама.

— Сотталмағандығы жөнінде анықтама.

— Конверт.

— Құжаттарды тігуге арналған іс-парағы.

 

Құжаттарды қабылдау: 20-маусым мен 20-тамыз аралығы.

Қабылдау емтиханы: Құран, Ақида-фиқһ ілімдері бойынша шығармашылық емтихан. Қазақ тілі мен Қазақстан тарихынан тест.

Мекен жайымыз: Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 12.

Байланыс тел:

8 (727) 397 62 99

+7 747 144 51 50

+7 775 972 59 55 

 



 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін