Қостанай: Біз Арыспен біргеміз

Апат айтып келмейтіндігі белгілі. Қалың қазақ тұратын Арыс қаласындағы оқиға барша қандастарымызға үлкен ой салды.

Осындай жағдайда ел болып көмек көрсетіліп жатқаны баршаға мәлім. Осыған дейін облыс әкімінің тапсырмасымен Қостанай облысынан 20 тонна ұн, 7 тонна макарон және 3 тонна кондитерлік өнімдері бар керуен жолданған болатын.

Қостанай облысының өкілі бас имам Бахытбек Нұрғабылұлы: "Арыс қаласындағы жағдай бәріміздің де қабырғамызды қайыстырып, терең ойда қалдырғаны аян. Қазіргі таңда бүкіл елімізде оларға азық-түліктей, қаржылай көмек ұйымдастырылып жатыр",-деді. 

Осы орайда да намазхан бауырларымыз бен Қостанай облысы бойынша барлық дін қызметкерлері бір күндік еңбекақысын жолдады.

 

 

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін