Қарағандыда "Жастар ісі" бөлімі жабырқаған жандарға құрмет көрсетті

Мешітке келіп құлшылық етушілер қатарынан бөлек Алладан дертіне шипа сұрап, рухани сусындап және кеңес тыңдайтындар қатары да артып келеді. Осындай сұраныспен Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітіне Қарағанды қаласының №1 психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесінен бір топ қонақтар келді.

Қонақтарды «Жастар ісі секторы» бөлімінің меңгерушісі Нұржігіт Мұсабеков күтіп алып, қонақжайлық ниетпен мешіт асханасынан арнайы дәм татқызды. Жүйке сырқатына шалдыққандарға сабыр мен шүкір, төзімділік пен үміт турасында насихат айтып, рухани құндылықтардың адам бойына беретін күш-қуатын түсіндірді.

Артынша мешіттің тыныс-тіршілігімен таныстырып, қонақтарға ғибадат үйінің ерекшеліктерін атап өтті. Алла үйін асықпай аралаған сырқат жандар айтылған насихат пен өздеріне бөлінген дін қызметкерінің ыстық ықыласынан рухани қуат алғандарын жеткізді.

«Жастар ісі секторы» бөлімі жабырқаған жандардың жанынан табылу үшін, сан қырлы тәрбиелік мәндегі іс-шараларының жоспарына осы мекеме тұрғындарымен ай сайын мешітте кездесу ұйымдастыруды енгізді.   

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін