СҚО: Жазғы діни сауат ашу курсы

СҚО «Қызылжар» орталық мешітінде 24-маусым мен 15-шілде аралығында жылдағы дәстүр бойынша жазғы діни сауат ашу курсы өткізілді.

Білім алушы бүлдіршіндерге бала тәрбиесінде үлкен маңызы бар ислам әдебі, көркем мінез сабақтарымен қатар Құран әліппесі, Пайғамбар өмірбаяны, 40 парыз, Алланың есімдері үйретілді.

20 күнге созылған курс шәкірттеріне арнайы сертификаттар табысталып, дастархан жайылды.

© 2009-2019, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін