Түркістан: РАНТ және ЖАНТ ұжымы Арыс қаласында

Арыс қаласында ауыспалы тәртіппен РАНТ пен ЖАНТ мүшелерінің Жұма намазын өткізу жұмыстары жалғасын табуда. Бүгін Бас Мүфтидің тапсырмасымен Елордадан арнайы келген Асқар Мұқанов орталық "Ысқақ", ал Дінмұхамед Сманов "Бекзат ата" мешітінде насихат айтты. Жамағаттың жұма тақырыбынан тыс сұрақтарына да жауап берді.

Сондай-ақ, РАНТ мүшесі Асқар Мұқановтың қатысуымен Отырарда аудан имамдарының семинары өтті. Жергілікті дін қызметкерлеріне қоғаммен байланысты нығайту, дін насихатын кеңейту жөнінде кеңес берілді. Имамдарға атқарып жүрген жұмыстарының жауапкершілігі жоғары екені ескертілді. Арыс жамағаты да, имамдар да ҚМДБ Төрағасына ризашылықтарын білдірді.

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін