Қарағанды қайырымдылық керуені Арыс жұртшылығына жеткізілді

Кешегі Арыс қаласында орын алған төтенше жағдайдың ауыртпалығын жеңілдетуге ел болып көмек көрсетілуде. Халықпен бірге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты мешіттер де дінбасымыз Серікбай қажы Ораздың бастамасымен тиісті үлестерін ұйымдастыруда. Осы мақсатта Қарағанды облысы бойынша мешіттер арқылы жиналған қайырымдылық көмектер (ақшалай, азық-түлік, тұрмыстық заттар) Арыс қаласындағы ағайынға жеткізілді.

Өкіл имам Өмірзақ Қазкенұлы жылу жинауға атсалысқан жалпы жамағатқа алғыс білдіріп, қайырымдылықтың екі дүниедегі сауабына тоқталып, қасиетті жұма күні сапарға сәттілік тілеп шығарып салған болатын. Қайырымдылық керуенін діттеген жеріне жеткізген Қарағанды облыстық мешітінің наиб имамы, «Жастар секторы» ісінің облыс бойынша меңгерушісі Нұржігіт Мұсабеков және «Зекет» корпоративтік қорының облыстағы өкілі Джаримбетов Мұхит Арыс халқымен жүздесіп, қаржылай және материалдық көмектерді тиісті орынға тапсырды. 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін