Түркістан: РАНТ ұжымы Арыста

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Шоқанов пен Ғұламалар кеңесінің хатшысы Ершат Оңғаров Арыс қаласына барды. Жарылыс болған аумақты аралап, үйлердің жай-күйін көрді. 1-штабта болып, тұрғындармен тілдесті.

Сансызбай Құрбанұлы Арыс аудандық "Ысқақ" мешітінде, Ершат Оңғаров "Бекзат ата" мешітінде насихат айтып, жамағаттың сұрақтарына жауап берді. Арыстықтар Бас Мүфтиге алғыстарын айтысып қалды.

РАНТ мүшелері қаладағы мешіттердің жағдайымен танысты. Апат кезінде қаза болған Бауыржан Мұсабекұлының артында қалған отбасына көңіл айтты.

 

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін