Қостанай: «Жанашырлыққа — жан риза»

Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы түлектерінің ұйытқы болуымен 11 мұқтаж отбасыға азық-түлік, киім-кешек таратылды. Игі іс-шараға Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің ұжымы және жамағаты бір кісідей атсалысты.

Аталмыш іс-шараның мақсаты – көпбалалы, көмекке мұқтаж, тұрмысы төмен, сонымен қатар мүгедек балаларды асырап отырған отбасыларға азда болса материалдық демеу беріп, әр отбасын қуаныш пен шаттыққа бөлеу.

Академия түлектерінің ұйытқы болуымен, аталған шара аясында 10 отбасыға азық – түлік түрінде (картоп, орамжапырақ, пияз, жеміс-жидек, май, шай және т.б) көмек көрсетілсе, еліміздің ертеңі болып табылатын жас ұрпаққа - киім-кешек , ал ата-анасына азық-түлік түрінде қайырымдылық жасалды.

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін