Қазақстан елшісі Сауд Арабиясы Короліне Сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстан елшісі Берік Арын Сауд Арабиясы Короліне Сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әл-Салам сарайында Қазақстанның Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшісі Берік Арын Сауд Арабиясының Королі, Қасиетті Қос Киенің Сақшысы Салман бен Әбдел Азиз Әл Саудқа Сенім грамоталарын табыстады.

Кездесу барысында Сауд Арабиясы Королі жаңа сайланған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа өзінің ыстық сәлемі мен ықыласын жолдап, Қазақстан халқына толассыз өркендеу мен даму тілектірін білдірді.

Король Сауд Арабиясының Қазақстанмен жан-жақты ынтымақты дамыту мен тереңдетуге мүдделілігін қуаттай отырып, Елшіге дипломатиялық қызметінде жемісті болуына тілектестік білдірді. Өз кезегінде, Қазақстан Елшісі екі ел арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайтуға бар күш-жігерін салатынына сендірді.






© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін