ШҚО: «Мейірім» акциясы өтті

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешіті жанынан құрылған «Шығыс кәусары» ерікті жастары бірлестігі Өскемен қаласындағы «Балалар ауылында» тәрбиеленіп жатқан балаларға «Мейірім» кешенді акциясын ұйымдастырды. Іс-шара «Халифа Алтай» мешітінде өтті.

Акция барысында балалар «Халифа Алтай» мешітін аралап, кітапхана, оқу бөлмелері, намаз залымен және «Мұражай бұрышымен» танысты.

ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек Қасболатұлы балаларға мешіттің рухани орталық екендігін жеткізе отырып, адамгершілік құндылықтардан тағылым айтты.

Бұдан соң балалар ақ дастархан басында ас ішіп, мешіт ұстаздары түрлі ойындар ойнатты. Облыстық мешіт атынан балаларға сыйлықтар таратылды.

Балалар үйінің ұстаздары: «Халқымызда жетім көрсең жебей жүр» деген қанатты сөз бар. Ата-ана қамқорлығынан тыс қалған балаларға мейірімділік танытып, осы шараны ұйымдастырып отырған мешіттің осындай игі сауапты ісі көпке үлгі. Балалар мешітпен танысып, рухани әсер алды»,- деп ризашылықтарын білдірді.  

 

 

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін