ҒҰЛАМАЛАР КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ БАСТАЛДЫ (ФОТО+ВИДЕО)

Бүгін елордадағы ҚМДБ Бас кеңсесінде Ғұламалар кеңесінің кезекті отырысы басталды. 22-ші рет өткізіліп жатқан жиын түрлі тақырыпты қамтып жатыр. Осылайша екі күнге созылатын отырыс барысында кеңес мүшелері 10-ға жуық өзекті мәселеге жауап таппақ. Жиынды ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз ашып, аталған кеңестің маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ айтулы отырысқа Ақпарат және қоғамдық даму вице министрі Марат Әзілханов та қатысты.

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз:

«Күн тәртібінде тұрған өзекті мәселенің бірі ол шәкірттердің жұмысқа орналасуы. Соңғы жылдары мешіттердегі маман тапшылығы азайып келеді. Дегенмен дін ордасынан шыққан жастарды өзінің ортасына бейімдеу керек», - деді.

Аталған жиын барысында мешіттерге Киви терминалдар орнату, желілік маркетинг, криптовалюта сынды қоғамдағы өзекті деген тақырыпта ортаға түсіп жатыр. Екі күнге жалғасатын жиын осындай тақырыптарды қамтиды. Бұл қазіргі қоғам үшін де, болашақ үшін де үлкен маңызға ие.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін