Түркістан: Насихаттың жаңаша түрі қолға алынды

Қолда бар мүмкіндіктерді пайдалану мақсатында өкіл имамның тасырмасымен насихаттың түрлі тәсілдері түзіліп келеді. Түркістан облысындағы мешіттердің сыртқы қоршауына көрнекілік құралдар іліне бастады.

Алғашқы болып, Сайрам ауданы игі іске кірісті. Мұндағы Көлкент ауылдық округі "Қызыл қышлақ" мешітінің қоршауына күнге шыдамды материалдардан айналдыра тақтайшалар қағылды. Бетіне Ислам әдептері, бес парыздың орындалуы, намаз ережелері, мұсылманның сипаты, зекет, садақа беру сауабы, мешітке келудің сыйы сияқты т.б шариғат шарттары жазылды.

Мешіт имамы Мұзаффар Сыддықалиев атсалысқан жамағатқа ризашылығын білдірді. Алланың үйінің маңынан әрлі-берлі өтіп жүрген тұрғындар, енді аз-кем аялдап көрнекіліктерді оқи бастапты. Түрлі насихаттың нәтижесінде мешітке келушілер мен көмек берушілер де көбейіп келеді.

 

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін