Қостанай: Арқалықта сүндет той

Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінде қасиетті Рамазан айында ерекше лдеқайрымдылық шарасы өтті.

Бұл шара аясында әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасындағы 3 пен 7 жас аралығындағы ер балаларды қаладағы хирург-оташы Әсет Абдрахманұлы сүндеттеп берді. Осылайша өңірдегі мешіттің ұйымдастыруымен 35 бала сүндеттелді.

Қалалық емхананың хирург-оташы маманы Әсеттің қолынан «сүндетке» отырғызылған әр балаға мешіт қызметкерлері тәттілер үлестіріп, ата-аналарына «Бала тәрбиесі» және «Мұсылман сипаты» деп аталатын сый-сияпат жасады.

Жоғарыда аталған мешіттің бас имамы Бектұрсын Уәлиев жиналған ата-аналарға Рамазан айының өзіндік ерекшелігіне тоқтала келіп, ұрпақ тәрбиесі екі дүниеде де жауапты іс екені хақында уағыз айтты.

Жалпы мұсылмандық ережесіне сай, сүндетке отырғызылған балалардың ата-аналары осындай ізгілікті және қайырымдылықты жүзеге асырған мешіт ұжымына және оташы Әсет Абдрахманұлына шын жүректен шыққан шынайы алғыстарын білдірді.

Мешіт имамы да берекелі Рамазан айындағы көрсеткен азаматтық қасиеті үшін жылы лебізін жеткізді және Алғыс хатты тапсырды.

 

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін