Түркістан: Наиб мүфти Бәйдібек ауданында

Бәйдібек аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен "Рамазан - нұр шашқан ай" атты рухани шара өтті. Оған ҚМДБ Төрағасының орынбасары Алау Әділбаев, өкіл имам Мұсабек Ақтамберді, Бәйдібек ауданының құрметті азаматы Талғат Исхақов арнайы қатысты. Наиб мүфти жиылған жұртшылықты Рамазан айымен құттықтап, ораза жайында насихат айтты. 

Кеш барысында он отбасыға бір-бір кілем және қомақты қаржылай сый берілді. Сауапты іске меценат Талғат Исхақов демеушілік етті. Айтыскер ақын Біржан Байтуов Рамазан айының құрметіне жыр арнап, көпшіліктің ризашылығын алды. Шымкент медресе-колледжінің студенттері Құран оқыды, түрлі сахналық қойылымдар көрсетті. Рухани-танымдық кешті ауданның бас имамы Ұлықбек Әлиакбарұлы қорытындылап, баршасына алғыс білдірді.

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін