Маңғыстау: Мешіт ауласына асфальт төселді

Қасиетті рамазан айында Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Басқұдық ауылына қарасты «Төлей Ишан» мешітінің ауласына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, бір шақырымдай жол үстіне асфальт төселді.

Мешіт ауласының ойық-шұқыр тесектері тегістеліп, көліктің кіріп-шығуы жеңілдеді. Сонымен қатар Атамекен және Басқұдық ауылдарын қосатын екі шақырым көшеге де асфальт төселіп, ауылдың кіре берісі көркейе түсті. Ол үшін екі арнайы техника мен мамандар жұмылдырылды.

Қасиетті айда осындай сауапты іске қаржылай демеушілік жасаған кәсіпкерлерге өкіл имам С.Сейтбеков ризашылығын білдіріп, отбасыларына амандық, дендеріне саулық, кәсіптеріне береке тіледі.

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін