Сыр жастары балаларға қуаныш сыйлады

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, "Жастар ісі" бөлімі "Рамазан – мейірім айы" акциясы аясында "Атамекен" отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушілеріне қуаныш сыйлады.

Шарапаты мол рамазан айының құрметіне орай балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында өткізілген сауапты шарада алдымен "Браунис" қоғамдық тамақтану орнында балаларға арналып дастархан жайылды.

Одан әрі аталмыш шара қалалық мəдени жəне демалыс саябағында ойын аттракциондарында жалғасты. Балаларға балмұздақтар таратылып, "Parapa pizza" кафесі ұсынған кешкі ас дастарханымен аяқталды.

Қасиетті айда өткізілген көңілді кештен ерекше әсер алған балалар ұйымдастырушы «Жастар ісі» секторы мен қолдау көрсеткен Қызылорда қалалық мәдени және демалыс саябағы ұжымына, "Parapa pizza", "Браунис" кафелеріне алғыстарын жеткізді.

© 2009-2019, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін