Семей: «Тегін такси» акциясы

Аягөз қаласында жексенбілік «Жақсылық» базарында бірнеше жылдан бері қасиетті рамазан айында «Тегін такси» акциясын ішкі саясат бөлімі мен орталық мешіттің ұйымдастыруымен қолға алынып келеді. Сол үрдіс жалғасын тауып, таңертеңнен мешіт ауласына жеңіл автокөліктер ағыла бастады.

Автокөліктерге «Тегін такси», «Ораза қабыл болсын» жапсырмалары жабыстырылып, бас имам Думан Нәдірұлы қасиетті айдағы ізгі іске сәттілік тілеп, бата берді. Ұлық айдағы игілік іске жексенбілік базардан азық-түлік пен керек-жарағын алған көпшілік ораза айындағы осынау жақсылықтарға алғыстарын айтып, разылықтарын білдірді.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін