ШҚО: «Рамазан бұрышы» іске қосылды

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде «Рамазан бұрышы» ашылды. Мұнда арнаулы мамандар кезекшілік жасап, мешітке келген халықтың сауалдарына жауап берілді. Сонымен қатар Рамазанға байланысты парақшалар, кітапшалар таратылуда.

«Өңір жамағатының рамазанға деген ықыласы жыл сайын ерекше артып келеді. Жастарды дұрыс жолға бағыттап, дәстүрлі ислам құндылықтарынан мағұлмат беріп, жат ағымдардан сақтандыруда мұндай ақпарат бұрышының маңызы ерекше»,- деді Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы Дәулет Қабидолдин. Бұл игі іс өңірдің барлық мешіттерінде жүзеге асуда.

 

 

 

 

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін