ШҚО: «Халифа Алтай мешітінде пәтуа апталығы өтті

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде пәтуа апталығы жарияланып, бірқатар танымдық-рухани шаралар ұйымдастырылды. Апталық аясында пәтуаға байланысты халықтың сауалдарына жауап берілді.

«Апталықта әлеуметтік желілерде тікелей эфирде болып, түрлі пәтуалар туралы халыққа ақпарат берілді. Сонымен қатар, халыққа парақшалар таратылып, жергілікті басылымдарда арнаулы айдарлар бойынша пәтуалар насихатталуда»,- дді Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы, пәтуа бойынша маман Қанат Дауылбаев.

Тарауық намазында апталық қорытындыланып, жамағат арасында сұрақ-жауап сайысы өтті.

 

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін