Арқалық: Ауызашар жалғасын тапты

Арқалық шаһарында жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша жиналған жамағатты мешіттің имамы Бектұрсын Торғайбайұлы Рамазан айымен шын жүректен құттықтап, ораза мен тарауиқ намазы жайлы кеңінен мағлұмат берді.

Жұртшылықты ай бойы мешіт жамағатын қасиетті Құран аяттарына ұйытып, тарауих намаздарына имамдық ететін, яғни сонау Түркия елінен келген қаримен таныстырды. Ол Адана қаласынан келген 42 жастағы Уахап Ажджыоғлу бауырымыз.

Жалпы, Арқалық қаласы 2013 жылдан бастап, Рамазан айына арнайы қари алдырып келе жатқандығын айтып өткеніміз жөн. Қала халқы бұл үрдіске әбден үйренген.

Рамазанның алғашқы күнгі ауызашар рәсімін мешіт ұжымы берсе, келесі күні қала әкімі Э.Қонысбайұлының атынан арнайы дастарқан жайылды. 

 

 

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін