Семей: «Әйел- қыздар секторы» көп балалы отбасыларға ауызашар берді

ҚМДБ Семей өңірі бойынша «Әйел- қыздар секторының» ұйымдастыруымен ауызашар берілді. Жайылған ақ дастархан басына көпбалалы отбасылар және Семей қаласындағы мешіттерде білім алып жүрген әйел жамағаты шақырылды.

Берекелі Рамазан дастархан басында қасиетті Құран аяттары оқылып, ұстаздар келген қонақтарға тағылымды уағыздар айтса, сауат ашу курсының шәкірттері тәрбиелік мәні зор көріністер көрсетті. Ақ жаулықты әжелер елімізге тыныштық, дініміздің қанат жаюы үшін дұға тіледі.  

 

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін