Түркиялық делегация Түркістанда

Түркістанға Түркия Дін істері Басқармасынан Акиф Ертекин мен бір топ өкілдер келді. Қатарында ҚР Елшілігінен Ғалип Ақын мырза да бар. Мәртебелі меймандарды ҚМДБ төрағасының орынбасары Алау Әділбаев қарсы алды. Кездесу барысында бауырлас екі ел арасындағы ынтымақтастық пен діни мәміле, білім-ғылым ісі сөз болды. Наиб мүфти құрметті қонақтарға Мүфтият атынан алғыс білдіріп, Түркістаннан естелікке кәдесый тарту етті.

Түркиялық делегация Қожа Ахмет Ясауи кесенесін зиярат етті. Жәдіргердің тарихымен тереңірек таныстырылды. Бабалар рухына Құран бағыштады. Өкіл имам Мұсабек Ақтамберді "Рухани жаңғыру" аясында қазақ даласынан шыққан ғұлама-ғалымдардың діни еңбектерін зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді. Бұл іске министрлік пен ҚМДБ, "Нұр-мүбәрак" университетінің теологтары жұмылдырылғанынан хабардар етті.

Акиф Ертекин бастаған түркиялық ғалымдар Түркістан облыстық мешітінде қайырымдылық шарасын өткізіп, тізімде тұрған мұқтаж отбасыларға көмек көрсетті. сонымен қатар, 150 кісіге дастархан жайып, ауызашар береді.

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін