Қарағандыда көп балалы аналарға ауызашар берілді

Қасиетті Рамазан айының қарсаңында Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазреттің арнайы берген тапсырмаларының аясында көптеген қайырымдылық іс- шаралары өткізіліп жатыр.

Сондай, рухани шараның бірін іске асыру мақсатында, облыстық мешіттің ауласына қазақи киіз үй тігіліп, жағдайы төмен, көп балалы аналарға дастархан жайылып, ауызашар берілді.

Ізгілікке толы шара Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің, «Әйел қыздар» секторының және «Асыл ірге» еріктілер ұйымының тікелей ат салысуымен жүзеге асты. Жиналған әйелдер жамағатына ұстаздар қауымы Рамазан айының құндылықтары жайлы уағыз насихат айтып, соңында қарт әжей батасын берді. Киіз үйде беріліп жатқан ауызашар дастарханы Рамазан айының барлық күндерінде жайылып, қонақ күтілетін болады.

 

 

 

 

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін