Түркістан облысында мұқтаждарға көмек көрсетілді

Тәуелсіздік күнінің қарсаңында əлеуметтік жағдайы төмен, асыраушысынан айырылған, сондай-ақ кембағал жаны бар отбасыларға көмек көрсетілді.

Түркістан облыстық мешітінің ұйымдастыруымен өткен қайырымдылық шарасын атымтай жомарт азамат демеушілік етті.

30 отбасына ұн мен күріш, сұйық май, тәттілер үлестірілді.Өкіл имам Мұсабек Ақтамберді кәсіпкер азаматтың кәсібіне береке тілеп, мұқтаж жандарға  Алла Тағаладан жəрдем сұрады. Көмек алған жандар алғыстарын айтып, ақ батасын ақтарды.

Айта кетелік, аталған қайырымдылық іс-шарасына демеушілік еткен Саухан Жүсіпбеков ағамыз  қайырымдылық шараларды дәстүрге айналдырған.

“Тәуелсіздігіміздің арқасында осындай нығметке кенелтіп отырған әуелі Алла болса, кейін Елбасының арқасында кәсібіміздің дөңгеленіп отырған жайымыз бар” ,-деп тілге тиек ете кетті С.Жүсіпбеков.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін